Біз 16-қыркүйек күні суреттерді боядық!!! Балармен жұмыс жасау қиын болған жоқ!!! Оларға суреттерді бояған өте ұнады. |
Біз 14 қыркуйек күні балар мен түрлі-түрлі ойындар ойнадық. Бұл ойындар сондай ақыл-ойы кемдеу балаларға арналған психиологиялық ойындар болып табылады. Олар: 1 "Түн және күн" Бұл ойын балалардың тез козгалып оларга берілген ақпаратты тез өңдеуге көмектеседі. Балаларға бұл ойын өте ұнады, көңіл күйлері көтерінкі болды және барлығыда белсенді қатысып отырды. 2 "Піл, керік және қолтырауын" Бұл ойын балалардың ойда сақтау және тез ойлану қасиеттерін арттырады. Балалар бұл ойынды ойнағанда қолдарын дұрыстап қозғай алмады, қолдарын көтеру мұрындарына тақау және қолдарын жаюға да мұршалары келмеді, бұл өте аянышты болды. 3 "Затты тап" Бұл ойын балалардың ойлау қабілетін арттырады және есте сақтау қасиетін арттырады. Бұл ойынды балаларға түсіндіру қиын болды бірақ оған қарамастан барлығына түсіндірдік және барлығыда жақсы ойнап шықты. 4 "Жоғалған бала" Бұл ойын балалардын бір-біріне деген қарым-қатынасын нығайтады және ... Читать дальше » |
Біз 12 қыркүйек күні балалармен таныстық!!! Жалпы олардың әр қайсысынын Аты- жөні және жасын жазып алдык. Бұлар: 1Сағындыкова Тілекші 14жас 2Кимдиева Аружан 13жас 3Мардашева Алия 13жас 4Пайызова Альмира 16жас 5Бударина Лена 15жас 6Молдағалиева Асем 13жас 7Чукалина Фая 16жас 8Илюова Айнагүл 12жас 9Алия 17жас 10Мөлір 17жас |
Жобаның аты "Ол да адам"! Жобаның 1-інші мақсаты ақыл-ойы кем балаларды қоршаған ортамен, әлеммен таныстыру және рухани көмек көрсету, ал 2-інші мақсаты қоғамның мүгдектерге деген көз-қарасын өзгерту. Жоба уакыты: 2.09.2011-2.04.2012Күтілетін 1-інші нәтиже балалардың өмірге деген көз-қарасын өзгерту және олардың жаңа шеберліктерінің ашылуы, ал 2-інші нәтиже қоғамды мүгедектер туралы ойландыру және көз-қарастарын өзгерту.Майра Исмагулова |
Балалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарының бірі мүгедек балаларды әлеуметтік оңалту болып табылады, ол мүгедек балалардың тіршілік әрекетінің шектелуін еңсеруі, әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруі, әлеуметтік-тұрмыстық және еңбекке бейімделуі және материалдық тәуелсіздікке қол жеткізуі үшін жағдайлар жасау арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта елімізде
47 мыңнан астам мүгедек бала тұрады. Осыған байланысты мүгедектерді оңалту жөніндегі әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемелер санын арттыру өріс алып келеді. Мүгедек балаларды медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұстауға бюджеттен бөлінетін шығыстар жыл сайын артып келеді (қорғаудағы бір балаға жылына: 2002 ж. 188,7 мың теңге, 2003 ж. - 231,0 мың теңге, 2004 ж. - 286,7 мың. теңге). Медициналық-әлеуметтік мекемелер желісі 18 балалардың интернат үйлерін қамтиды, оның ішінде 17 – ақыл-ойы кем балаларға, 1 – дене мүшесі кемтар балаларға ... Читать дальше » |